ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Экологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаты табиғи жүйелердің, қоғамның өмірлік маңызды мүдделері мен жеке тұлға құқығының қоршаған ортаға антропогендік және табиғи әсерлердің нәтижесінде туындайтын қатерлерден қорғалуын қамтамасыз ету болып табылады. Ел Пре...
Main Authors: | , , |
---|---|
Format: | Article |
Language: | English |
Published: |
Al-Farabi Kazakh National University
2019-03-01
|
Series: | Хабаршы. Заң сериясы |
Subjects: | |
Online Access: | https://bulletin-law.kaznu.kz/index.php/journal/article/view/2111/2059 |
Summary: | Экологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаты табиғи жүйелердің, қоғамның өмірлік маңызды мүдделері мен жеке тұлға құқығының қоршаған ортаға антропогендік және табиғи әсерлердің нәтижесінде туындайтын қатерлерден қорғалуын қамтамасыз ету болып табылады. Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында төртінші ұзақ мерзімді басымдық ретінде, Қазақстан Республикасының азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты деп атап көрсетілген. Бұл басымдықтың ішінде ауруды болдырмау және салауатты өмір салтын ынталандыру, нашақорлық пен наркобизнеске қарсы күрес, темекі мен алкогольді тұтынуды қысқарту, әйел мен баланың денсаулығын жақсарту, тамақтануды, қоршаған орта мен экологияның тазалығын арттыру мәселелері алға қойылған. Осыған сәйкес ғалымдар мен бүкіл қоғамның табиғи ресурстарын пайдаланудың адам үшін маңыздылығы мен табиғи ортаны қорғаудың қажеттілігі арасындағы қарама- қайшылықтарға байланысты дабыл қағуы өте орынды болып табылады. Маңызды табиғи ресурстарды өте көп мөлшерде шаруашылық мақсатқа пайдаланудың қоршаған ортаға тигізетін теріс зардаптары мен залалдарын жеңілдету, оларды барынша азайту және табиғи байлықтарды молайту жөніндегі шараларды жасау міндеті туындайды. Ол үшін келесі міндеттерді шешу қажеттіліктері туындайды:климаттың өзгеруі мен Жердің озон қабатының бұзылуына душар ететін антропогендік әсерді азайту; биоәртүрлілікті сақтау және жердің шөлейттенуі мен тозуының алдын алу; экологиялық апат аймақтарын, әскери-ғарыш полигондары мен сынақ кешендерін оңалту; Каспий теңізі қайраңының ластануының алдын алу; су ресурстарының тозуының және ластануының алдын алу; табиғи ластануларды, әуе бассейнінің ластануын, радиоактивті, бактериологиялық және химиялық, оның ішінде трансшекаралық ластануларды жою және олардың алдын алу; өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың жинақталу көлемдерін қысқарту; табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу болып табылады. |
---|---|
ISSN: | 1563-0366 2617-8362 |