ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІНІҢ НЫҒАЮ, ӨРЛЕУ КЕЗЕҢІНДЕГІ ІШКІ-СЫРТҚЫ ДАМУ ЖАҒДАЙЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Тарихи деректерге жүгінсек, XVI-XVII ғасыр қазақ халқының ұлт ретінде қалыптасып, мемлекеттігіміздің саяси-әлеуметтік және экономикалық жағынан жан-жақты нығайып, өрлеу сатысындағы ең бір күрделі әрі тарихи жауапты кезең екенін пайымдаймыз. Өйткені осы кезеңде қазақ халқы саяси тұр...

Full description

Bibliographic Details
Main Authors: Ж.С. Әлдибеков, У.А. Ахатов, Н.Б. Тәуекелов
Format: Article
Language:English
Published: Al-Farabi Kazakh National University 2020-06-01
Series:Хабаршы. Заң сериясы
Subjects:
Online Access:https://bulletin-law.kaznu.kz/index.php/journal/article/view/2282/2160
Description
Summary:Тарихи деректерге жүгінсек, XVI-XVII ғасыр қазақ халқының ұлт ретінде қалыптасып, мемлекеттігіміздің саяси-әлеуметтік және экономикалық жағынан жан-жақты нығайып, өрлеу сатысындағы ең бір күрделі әрі тарихи жауапты кезең екенін пайымдаймыз. Өйткені осы кезеңде қазақ халқы саяси тұрғыдан бірауыздылыққа, біртұтастыққа, бірлікке қол жеткізіп, өз мемлекетін құрып, орнықтырды. Қазақ мемлекеті құрылудан бұрын дербес төрт хандыққа – Әбілқайыр хандығына, Моғолстан хандығына, Ноғай одағына, Сібір хандығына қараған қазақ тайпалары енді біртұтас қазақ хандығының ортақ шаңырағында бас біріктірді. Қазақтардың этникалық территориясы мен хандығына бірікті, яғни сол кездегі қазақ мемлекеті қазіргі Қазақстан аумағын түгелге жуық қамтыды. Бұл бірігу бұрыннан басталған қазақтың халық болып қалыптасу процесін біржолата аяқтатты. Мақалада қолданылған әдістемелік тәсілдер тарихи-салыстырмалы, диалектикалық-қолданбалы түрінде пайдаланылды. Қазақ мемлекетінің тарихи кезеңдердегі орын алған құжаттық негіздемелік мұрағатта алынған материалдардың негізінде зерттелген тың жұмыстардың қатарына жатқызылады. Қазақ халқы этникалық, ұлттық, мемлекеттік біртұтастыққа, дербестікке қол жеткізгенімен, елдің ішкі, сыртқы жағдайында саяси тұрақсыздық белең алып, күрделі кезеңді бастан кешірді. Бұл қалыптасқан ахуал объективтік және субъективтік себептермен де түсіндіріледі.
ISSN:1563-0366
2617-8362